Италия мен Англия футболының тірі аңыздары жазда MLS-ке кеткен еді.
"Интердің" бас бапкері Роберто Манчини 36 жасар Андреа Пирлоны өз командасында көргісі келеді. Клуб басшылығы футболшыны жалға алуға ниетті.
Андреа Пирло "Нью-Йорк Сити" клубына тиесілі. Америкалық клуб сапына Пирло "Ювентустан" ауысып барған болатын.
Ал, "Ливерпульдің" мәңгілік капитаны Стивен Джеррард, Юрген Клооппен келіссөз жүргізген көрінеді. Стивен неміс бапкерінің қол астында 15-ші қаңтарға дейін жаттыққысы келеді.
Еске сала кетсек, MLS бүгінде ұзақ үзіліске кетті. Сондықтан, чемпионатта өнер көрсететін футболшылар өз бабында болу үшін 2-3 айға Еуропадан клубтар іздейді.