Пизелли жылдың үздік ойыншысы

26.11.2018, 23:40
Пизелли жылдың үздік ойыншысы
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы маусым қорытындыларын шығаруға кірісті. Сонымен биылғы маусымның үздік ойыншысы атағына лайық кандидаттарға дауыс беру аяқталып, үздік үштік анықталды. Ал бірінші орында «Ақтөбе» ойыншысы Маркос Пизелли тұр. Биылғы маусымда 18 гол соғып, үздік сұрмерген атанған шабуылшы 69 ұпай жинады. Сауалнамаға қатысқан клуб басшылары мен бапкерлері екінші орынды Марин Томасовқа беріпті. «Астананың» хорватиялық легионері  41 ұпай еншілепті. Ал үздік үштікті «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламхан алған. Оған сауалнамаға қатысқандар 24 ұпай беріпті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×