Почеттино ПСЖ-мен келісімшартқа отыру үшін Парижге ұшып келді

02.01.2021, 03:08
Маурисио 2019 жылдан бері жұмыссыз жүрген еді.
Почеттино ПСЖ-мен келісімшартқа отыру үшін Парижге ұшып келді

"Тоттенхэмнің" бұрынғы жаттықтырушысы Маурисио Почеттино Парижге ұшып келді, деп хабарлайды Mundo Deportivo. Франция астанасына аргентиналық маман ПСЖ-мен келісімшартқа отыру үшін келді.

Дереккөздің хабарлауынша, тараптар келісімшарт талаптары бойынша келісіп қойған. Жақын арада париждік клуб Почеттиноны тағайындалғанын ресми түрде жариялауы керек. Ол бас бапкер ретінде 2020 жылдың 29 желтоқсанында қызметінен босатылған неміс маманы Томас Тухелді алмастырады.

Почеттино "Тоттенхэмнен" 2019 жылдың қарашасында кетті. Осы жылдың қазан айының соңында жаттықтырушымен келіссөздерді Санкт-Петербургтің "Зениті" жүргізгені хабарланды. "Тоттенхэмге" дейін аргентиналық маман "Саутгемптон" (2013-2014) мен испаниялық "Эспаньолды" (2009-2012) жаттықтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×