Почеттино «Ювентусты» жаттықтырмақ

21.07.2020, 16:09
Сарридің қазіргі ойынымен Чемпиондар Лигасынан үміт жоқ.
Почеттино «Ювентусты» жаттықтырмақ

Аргентиналық жаттықтырушы Маурисио Почеттино «Ювентустың» бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің хабарлауынша, Туриндік клубтың басшылығы Сарридің "Ювентусты" жаттықтырғанына наразы. Клуб бұған дейін Почеттино өкілдерімен бейресми келіссөздер өткізгені туралы хабарланған. Аргентиналық маманның өзі Италиялық команданы басқаруға дайын екенін білдірді.

Маурисионың соңғы командасы былтыр қарашада кеткен Лондонның «Тоттенхэм» клубы болды. Аргентиналықты Жозе Моуринью алмастырған болатын.

Бұған дейін Почеттиноға «Ньюкасл Юнайтед» қызығушылық танытқаны туралы хабарланған болатын. Испан баспасөзінің хабарлауынша, өткен қыста маман каталондық «Барселонадан» екі ұсынысты қабылдамаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×