Покатиловсыз “Сабах” жеңілісге ұшырады

07.04.2025, 18:00

Бакиндік “Сабах” Азербайджан Премьер лигасының 29-шы турында “Кяпазға” 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Покатиловсыз “Сабах”  жеңілісге ұшырады

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов, “Сабах” құрамында соңғы он матчта тұрақты түрде негізгі құрамда ойнап жүрген, бірақ бұл жолы резервте қалды. “Кяпазға” қарсы кездесуде қақпаны Ниджат Мехбалыев қорғады.

Матчтың бірден-бір голын 41-минутта “Кяпаз” ойыншысы Шервони Мабатшоев соқты, командаға жеңіс алып келді.

“Сабах” ойын барысында бірнеше мүмкіндіктерге ие болғанымен, есепті теңестіре алмады.

                                               Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×