Покатиловты керемет қақпашы деген кім?

Оны ұлттық құрамаға қалай ұялмай алады адамдар?

Покатиловты керемет қақпашы деген кім?

“Елімай” – “Тобыл” ойынында бүгін күлкілі оқиға орын алды. “Тобыл” командасының қақпашысы матчтың 11-минутында өз қақпасынан алға шығыңқырап барып, допты баспен қарсылас команданың ойыншысының аяғына салып берді. Мүмкіндікті мүлт жібермеген Ислам Машуков бос қақпаға гол салды. Осылайша Семей командасы тегіннен-тегін гол салды. Рахат-ай! 

Ал Стас Покатиловтың қателігі енді адам күлкісін келтіретін ебедейсіз қателік еді. “Тобыл” секілді ірі клубта мұндай нашар қақпашылар болмауы тиіс қой. Покатиловтың деңгейі “Ақжайық”, “Оқжетпес” немесе “Жетісу” мен “Тұран” секілді командалардың деңгейі ғой. Оны осы жақында ұлттық құрама бапкерлері бас командаға қайта шақырды. Қақпашылар бапкері Гинтарас Стауче Стасты физикалық деңгейіне қарап алдыртқан секілді. Ең бастысы ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесов оны ойынғы қоймады. Өзі де қақпашы болған адам ғой, түйсігі бар екен.

Әйтпесе, Стасты ұлттық құрамаға қойған кезде не болғанын білесіздер ғой. Талғат Маруаұлы Байсуфиновтың кезінде қақпашылар бапкері Радионов Покатиловты негізгі құрамға қойған. Франциядан 8 гол жіберген кезде қақпаға дәл ұшқан соққының біреуін де тоспаған Покатиловтың бойында талант байқалмайды. Ал Ұлттар лигасындағы Қазақстан – Белорусь матчында Ғафұржан Сүйімбаев берген пасқа жүгірмей тұрып қалып, Лисакович білгенін істеп жүріп бос қақпаға гол салған еді. Футбол фанаттары Покатиловты әрдайым осылай “ұйықтап” қалады деп есептейді. Дер кезінде миды қоспай, самарқау күйде тұра беретін әдеті бар. Кейбір бапкерлер оны “Қақпада тұрған үлкен аю” деп қалжыңдайды. 

Осы мақаламен біз не айтпақпыз? Покатиловтың қателіктерін көріп-көріп болсаңыздар қорытынды шығарыңыздар, достар. “Тобыл” командасы неге бұл қақпашыға сене беретіні түсініксіз. Бекхан Шайзада мен Мұхамеджан Сейсен Покатиловтың қасында Икер Касильяс емес пе?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×