Пол Эшуорт "Астана" клубының атқарушы директоры

14.01.2019, 21:24
Пол Эшуорт "Астана" клубының атқарушы директоры
«Астана» футбол клубы атқарушы директор болған Қайсар Бекеновтың орнына ағылшындық Пол Эшуортты тағайындады. Жаңадан келген атқарушы директор ағылшынның «Норвич», «Кембридж» және «Питерсборо» клубтарында қызмет атқарған. Сондай-ақ, Латвияның «Вентспилс» және «Сконто» клубтарында жұмыс істеген. Пол Эшуорт ресейдің «Ростов» клубында спорт директоры қызметінде болған. Мамандар Эшуорт мырзаның тәжірибиесі мен біліктілігі «Астана» клубының чемпиондық атақты қорғауына септігін тигізуі тиіс деп есептейді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×