
Франциялық жартылай қорғаушы Пол Погба жасыл алаңда қайта доп тебуге дайын.
Допингке байланысты 18 айлық баны аяқталғаннан кейін еркін агент мәртебесіне ие болған Погба АҚШ-та жаттығып, жоғары деңгейлі футболға қайта оралуды жоспарлап жатыр.
Оның "Олимпик Марсель” клубына ауысу мүмкіндігі айтылғанымен, Sky Italia мәліметінше, "Фиорентина” да ойыншыға қызығушылық танытып отыр.
"Фиорентина” бұған дейін "Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы жұлдызы Давид де Хеаның мансабын қайта жандандыруға көмектескен және енді дәл осылай Погбамен жұмыс істеуге дайын.
Қазір 32 жастағы жартылай қорғаушы жаңа команда табу үшін агент ретінде Артуро Каналесті жалдады, ал оның басты таңдауы – Еуропада қалу.
Погба ақпан айында "Ювентуспен” келісімшартын өзара келісім бойынша тоқтатған.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET