Франция құрамасының көшбасшы ойыншысы Поль Погба жарақатына байланысты 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы өтетін матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды BFM Sport басылымы.
Погба жаттығу кезінде жамбасын ауыртып алған екен. Француз футболшысы 8-10 апта бойы алаңға шыға алмайды. Оның орнына ұлттық құрамаға «Романың» жартылай қорғаушысы Джордан Верету шақыртылды.
Еске салайық, Франция 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан (13 қараша) және Финляндия (16 қараша) құрамаларына қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET