Поляк футболшысы трансфері жайлы өзі де білмеген кезде Фабрицио Романодан естіген

06.09.2025, 22:15

Англияның "Арсенал" клубына тиесілі қорғаушы Якуб Кивёр өзінің соңғы трансферлік жағдайы жайлы қызықты жайтты әңгімелеп берді. Футболшының айтуынша, ол команданы уақытша ауыстыратынын ең алдымен ресми клубтардан емес, танымал журналист Фабрицио Романодан естіген.

Поляк футболшысы трансфері жайлы өзі де білмеген кезде Фабрицио Романодан естіген

“Порту” клубына қосылған Кивёрдің сөзінше, ол күнделікті жоспардағыдай жаттығуда жүрген. Дәл сол сәтте оның әріптестері телефондарын шұқшия қарап, тосын жаңалықты байқап қалады.

"Бәрі маған қарап: Қалайша сен әлі осында жаттығып жүрсің? Романо жазып қойды ғой, сен кетіп бара жатырсың деп“ – деді. Мен болсам мүлдем хабарсыз едім. Қас-қағым сәтте телефоныма ондаған қоңырау түсіп, құттықтау хабарламалары келе бастады. Өзім жайлы жаңалықты жан-жақтан емес, тікелей Романодан білдім." – деді футболшы.

 

Футбол әлемінде Фабрицио Романоның "Here we go!” деген атақты тіркесі кез келген трансфердің нақты аяқталғанын білдіреді. Кивёрдің де жағдайында дәл сол сөз футболшының жаңа командаға ауысқанын растаған.

Бұл оқиға қазіргі футболдағы ақпарат таралуының жылдамдығын тағы бір дәлелдеп берді. Кейде ойыншылардың өздері де ресми хабардан бұрын әлеуметтік желі немесе журналистер арқылы тағдырының өзгергенін естіп жатады.

Поляк қорғаушысы жас әрі әлеуеті зор футболшылардың бірі деп саналады. "Арсеналдағы” тәжірибесі оған жоғары деңгейде шыңдалуға мүмкіндік бергенімен, тұрақты ойын тәжірибесі үшін басқа клубқа уақытша ауысуы заңды қадам болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×