Польша алғашқы ойында Словакия құрамасына есе жіберді

15.06.2021, 05:00
Польша матчтың соңғы бөлігінде он адаммен ойнауға мәжбүр болды.
Польша алғашқы ойында Словакия құрамасына есе жіберді

Е тобындағы алғашқы ойында Словакия құрамасы Польшаны 2:1 есебімен жеңді. Ойын Санкт-Петербург қаласындағы "Газпром Арена" стадионында өтті. Матчта Овидиу Хацеган бастаған румыниялық төрешілер тобы қызмет етті.

Словакия сапында Роберт Мактың соққан алғашқы голы Войцех Щенсныйға тиіп кіргендіктен, бұл гол Польша қақпашысының атына жазылды. Екінші тайм бастала салысымен Польша таразы басын теңестірді. Бұл жолы Кароль Линетты ерекшеленді. Ал 62-минутта Гжегож Крыховяк екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Көп ұзамай Словакия құрамасының қорғаушысы Милан Шкриниар көзге түсіп, командасына үш ұпай сыйлады. "Интер" клубында өнер көрсететін Милан осы матчтың үздік ойыншысы атанды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×