«Жеңістің» шабуылшысы Всеволод Садовский Польшаның «Котвица» клубындағы жалақысы мен мансабындағы маңызды сәт туралы айтты.
«2025-жылдың басында «Котвицаға» ауысу мүмкіндігі туған. Қаңтарда келіп, бірнеше күн жаттығып, бір жолдастық кездесуге қатыстым. Содан кейін маған 2025-тің маусымына дейін келісімшарт ұсынды. Алайда, келген соң клубта қарыз барын және трансферге тыйым салынғанын білдім. Соған қарамастан, басшылық бәрін реттейміз деп уәде берді. Мен сендім де, келісімшартқа қол қойдым. «Польшада ойнағым келді. Мақсатым - көзге түсіп, кейін Батысқа қарай қадам жасау еді. Сол үшін де барлығына сенгім келді. Келген бойда бізге қаладан пәтер жалдап берді, жаттығудан кейін тегін түскі ас болды. «Ордабасыда» алған жалақымнан үш есе аз болды. Бірақ мен үшін Еуропада ойнау басты мақсат болатын. Ақша екінші орында тұрды», - деді В. Садовский «Футбол Беларуси» басылымына берген сұхбатында.
Всеволод Садовский ҚПЛ-де «Ордабасы» намысын қорғады (22, 23 және 24-жылғы маусым). Шымкенттік клубтағы үш маусымнан кейін Беларусь ойыншысы Польшаның 2-дивизионында өнер көрсететін «Котвица» Колобжег клубына ауысқан. Алайда, онда жолы болмай қайтадан Қазақстан премьер-лигасына оралды. Жақыннан бері «Жеңіс» жейдесінде доп тебеді. ҚПЛ-де елордалықтар сапында екі ойында алаңнан бой көрсетіп, әзірге пайдалы әрекетімен көзге түскен жоқ.