Польшаны жеңген Швеция өз тобында бірінші орын алып, плэй-офф кезеңіне шықты

24.06.2021, 05:04
Швеция келесі кезеңде өз тобынан үшінші орынмен шыққан Украинамен күш сынасады.
Польшаны жеңген Швеция өз тобында бірінші орын алып, плэй-офф кезеңіне шықты

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 3-туры аясырда Швеция құрамасы Польшамен кездесті. Кездесу Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өтіп, 3:2 есебімен Швеция жеңіске жетті.

Кездесудің 2-минутында есеп ашқан Швецияның жартылай қорғаушысы Эмиль Форсберг 59-минутта дубль жасады. 2 минуттан кейін Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски есеп айырмасын қысқартты. 84-минутта Левандовски екінші голды соғып, есепті теңестірді. Кездесу соңында жеңісті голды швециялық жартылай қорғаушы Виктор Клаэссон соқты. Эмиль Форсберг осы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Осылайша, Швеция құрамасы 7 ұпай жинап, Е тобында бірінші орынмен плэй-офф кезеңіне өтті. Польша командасы (1) соңғы орынға ие болып, турнирден шығым кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×