“Понте Прета” командасы өз тарихындағы алғашқы трофейіне қол жеткізді

Кампинас қаласының командасы Паулистаның С Сериясында жеңімпаз атанды. 

“Понте Прета” командасы өз тарихындағы алғашқы трофейіне қол жеткізді

Жоао Бригатти командасы Бразилия чемпионатындағы жорығын Бірінші кезеңінен бастаған болатын. Одан кейін Прета ұжымы екінші кезеңде 6 матчта, 4 рет жеңіп, 1 рет тең ойнап, 1 рет жеңіліс тапты. Осылайша команда Бразилия С чемпионатында плей-оффқа шығып, екі матч қорытындысы бойынша “Лондрина” клубын тізе бүктірді. 

Өзінің 125 жылдық тарихында алғашқы жүлдесін жеңген команда жанкүйерлері финалдық кездесу аяқталысымен, стадионды бастарына көтерді. Сауық-сайран нәтижесінде матч төрешілерінің электронды таблосы жоғалды. Бастысы ешқандай адам зардап шекпей, жеңіс жоғары деңгейде атап өтілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Бразилия
Aladop Youtube
×