Португалдарда күдік күшейді

03.06.2012, 23:00
Португалдарда күдік күшейді
Португалия құрама командасы Еуро біріншілігінің алдында фавориттер қатарында болып тұрғаны түсінікті. Үнемі ірі футбол додаларында топ жарып жүретін португалдықтар осы жолы да толықтай мықты ойыншыларын сапқа тізіп әкеліп отыр. Криштиану Роналду мен Нани, Босингва мен Мейрелеш секілді ойыншылар кез-келген еуропалық ұжымды ұтатындай қауқарда. Бірақ, соңғы кездері Паулу Бенту баптайтын Португалия командасы осалдық танытып жүр. Көптеген жанкүйер қауым бұл ұжымның жолдастық кездесулерде көрсетіп жатқан нәтижелеріне риза емес. Алдымен Македония қақпасына гол соға алмаған португалиялықтар тең нәтижені қанағат тұтуға мәжбүр болса, екенші кездесуже тіпті ұтылып та қалды. 1:3 есебімен түркітерге жол берген португалдардың командалық ойындары әзірге Еуроның фаворитіне баланатын команданың нәтижесіне ұқсап тұрған жоқ. Дегенмен команданың жартылай қорғаушысы Рауль Мейрелеш мәселеден дау көтерудің қажеті жоқ дейді. «Түркітерге қарсы кездесуде біздің гол соғатын мүмкіндіктеріміз көп болды. Тек сәтсіздік орын алып, межеден мүлт кетіп жаттық. Футболда сәтсіздіктен кейін сәтті кезеңдер келетінін білесіздер», - деп жауап қатты биылғы маусымда Чемпиондар лигасының кубогының иегері атанған Мейрелеш.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×