Португалиялық легионер Қазақстан құрамасының жейдесін киюге дайын

14.10.2025, 17:30

Алматылық “Қайраттың” 28 жастағы Португалиялық қорғаушысы Луиш Мата Қазақстан құрамасында ойнау мүмкіндігі жайында өз пікірін білдірді. 

Португалиялық легионер Қазақстан құрамасының жейдесін киюге дайын

Футболшының айтуынша, мұндай нұсқаны болашақта жоққа шығаруға болмайды.

“Қазақстан құрамасы? Неге болмасқа. Бірақ әзірге бұл туралы айту ерте, мен мұнда бар болғаны жарты жыл ғана ойнап жүрмін. Кем дегенде үш жылдан кейін бұл тақырыпты талқылауға болады. Қазір мен “Қайратта” бақыттымын және Алматыда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын.” – деді Мата (Offside.kz)

Португалиялық қорғаушы “Қайратқа” биыл ғана қосылған. Ол қысқа мерзімде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, жанкүйерлердің сеніміне ие болып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×