Португалия мен Франция жеңімпазды анықтай алмады

24.06.2021, 13:30
Бұл матчта испаниялық төреші қос команданың қақпасына үш бірдей пенальти тағайындады.
Португалия мен Франция жеңімпазды анықтай алмады

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 3-тур матчында Португалия құрамасы Франциямен кездесті. Ойын Будапешттегі (Венгрия) "Пушкаш Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

31-минутта кездесудің бас төрешісі Матеу Лаос Франция құрамасының қақпасына пенальти тағайындады, оны Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду голға айналдырды. Ойынның 45-минутында француз шабуылшысы Карим Бензема да пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді. 47-минутта Бензема дубль жасады. 60-минутта Роналду екінші мәрте пенальтиден мүлт кетпей, есепті теңестірді. "Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Осылайша Франция (5), Германия (4) және Португалия (4) құрамалары Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңіне өтті. Венгрия (2) турнирді осы жерден аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×