Португалиялық маман Колумбияның бас бапкері

10.02.2019, 23:27
Португалиялық маман Колумбияның бас бапкері
Карлос Кейруш футболдан Колумбия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол Португалия құрамасы мен Мадридтің "Реалын" да баптаған. 65 жастағы жаттықтырушы Колумбиямен 2022-ші жылға дейін келісім-шартқа отырды. Карлос Кейруш Хосе Пекерманды алмастырды.

Карлос Кейруш, Колумбия құрамасының бас бапкері

Колумбиялық фанаттарға басымды иемін. Мен үшін бұл қызмет үлкен мәртебе. Колумбия футбол федерациясына алғысым шексіз. Олар маған үлкен сенім артып отыр. Мен Колумбия құрамасына бар білгенімді беремін. Команданың алғы жылжуына әрі жан-жақты дамуына жұмыс жасаймын. 

65 жастағы маман жаттықтырушылар құрамына жергілікті бапкерлерді шақыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар, жартылай қорғаушы Хамес Родригес пен шабуылшы Радамель Фалькао және қақпашы Давид Оспинаға тоқталып, олардың командадағы маңызы зор екенін атап өтті.

Рамон Хесурин, Колумбия футбол федерацияның президенті

Карлос Кейруш осы сәттен бастап Колумбия құрамасының бас бапкері болып саналады. Оны қиын жұмыс күтіп тұр. Біз ұлттық құрамамызға үлкен құштарлықпен қараймыз. Бұл жағынан ешқандай елге ұқсамаймыз.   

Португалиялық маман бұған дейін Иран командасын жаттықтырған еді. Парсы шығанағының футболшылары Ресейдегі әлем чемпионаты мен Азия кубогында айтарлықтай жетістіктерге жете алған жоқ. Кейруштың жаңа құрамадағы алғашқы қадамы 22-ші наурызда басталады. Колумбия Жапониямен ойнайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×