ПРЕМЬЕР-ЛИГА. 118 ГОЛ ЖӘНЕ 206 МЫҢ КӨРЕРМЕН

11.05.2013, 06:22
ПРЕМЬЕР-ЛИГА. 118 ГОЛ ЖӘНЕ 206 МЫҢ КӨРЕРМЕН
9 тур ойындарында жалпы алғанда 54 матч өтіпті. 25 ойында (46,3) алаң иелері жеңіске жеткен. Ал,10 кездесуде (18,52) қонақтар жеңіс тойын тойлаған. 19 матчта (35,19%) қарсыластар тең тарасқан. ҚПЛ-2013 те осы уақытқа дейін 118 гол соғылған. Әр матчта орташа 2,19 гол соғылған. Қарсыластарына ең көп гол соққан команда-«Астана». Елордалық ұжымның футболшылары 9 ойында 15 рет қақпаны дәл көздеген. Бұл көрсеткіш бойынша екінші сатыда-«Ақжайық». Оралдық футболшылар 14 гол соққан. Үздік үштікте 13 гол соққан-«Ақтөбе» командасы. Ең аз гол соққан ұжымдар қатарына «Атырау» мен «Восток» жатады. Чемпионатта төртінші сатыда келе жатан атыраулықтар бар болғаны төрт рет ғана қақпа торын бүлк еткізген. Ал «Восток» футболшылары 5 рет ғана гол соққан. «Шахтер», «Тобыл», «Ақжайық» комндалары қақпасына 9 ойында 15 гол кірген. Қазірге дейін ҚПЛ-2013 матчтарында 206 200 жанкүйер стадионға жиналыпты. Әр ойында орташа  3 819 жанкүйер келген. Ойындарында ең көп жанкүйер толатын команда алматылық «Қайрат» клубы. Осы уақытқа дейін 45 300 жанкүйер «Қайраттың» ойындарын  тамашалаған. «Қайрат» пен «Ақжайық» командалары өз алаңында өнер көрсеткен сәтте стадионға 27 500 астам жанкүйер жиналған. Жанкүйері аз ұжымның бірі-«Восток». Бұл команда өз алаңында ойын өткізген сәттерде бар болғаны 6 000 жанкүйер стадионға келген. Шамамен әр ойында 1 100 жанкүйер өскемендіктердің ойынын көрген. Қазақстанда жанкүйерлерімен мақтана алатын ұжымдардың бірі –«Ақтөбе». Бұл команда сырт алаңда өткізген матчтарында да көп жанкүйер жиналған. Шамамен 30 000 астам жанкүйер «Ақтөбені» қолдауға стадионға ағылған. «Ақтөбе» -9 тур бойынша жеңілмеген жалғыз команда. Және бұл команда қатарынан 4 матч жеңіске жетіп келеді. 5 матч қатарынан тең ойнаған команда-«Жетісу». Қатарынан 8 матч «Тобыл» жеңіске жете алмай келеді. «Тараз», «Тобыл», «Жетісу» командалары қатарынан 3 мәрте жеңіліс тапқан. «Ақжайық» футболшылары 9 турдың барлық ойынында гол соққан жалғыз команда. Ал «Ордабасы» командасы қатарынан 5 матч қақпаға доп соға алмаған. «Атырау» командасы қақпасына 5 матч қатарынан гол кірмеген. НҰРЛЫБЕК ЖАНҰЗАҚОВ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Бапкер
Келесі жаңалық
Сейдағаңды еске алды
Aladop Youtube
×