Кешегі ойын күнінде қазақ жанкүйерлері екі білдей матчтың куәсі болды.
Алматының Орталығында өткен “Қайрат" – "Ақтөбе" ойынын 22 800 адам стадионнан бақылапты. Жалпы бұл статистика маусым басында болған ел-классико матчынан кейінгі тіркелген екінші көрсеткіш.
Ал елордада болған “Астана” - “Елімай” кездесуін 15 200 фанат тамашалапты.
Жалпы ішкі чемпионатта ең көп жанкүйер жинайтын топ-5 ұжымның атауы қазірде белгілі:
Үздіктер көшін Қобыландыдағы әр ойын футбол тойына айналдыратын “Ақтөбе” командасы бастап тұр. Батыс жақ командасының өз алаңындағы әр кездесуін орташа есеппен алғанда 10 291 адам көреді екен.
Қалған тізім төмендегідей:
2.”Астана” - 9 146 адам
3.”Қайрат” - 8 191
4.”Елімай” - 6 553
5.”Ордабасы” - 5 540.