Премьер-лига командаларының құрамдары қаншаға бағаланған?

16.02.2024, 14:28
Премьер-лига командаларының құрамдары қаншаға бағаланған?

ҚПЛ 2024/25 жылғы жаңа маусымына 14 команда қатысады. Сол клубтардың арасындағы ең қымбат құрам кімдікі? Анықтап көрген едік. 
 

  1. Ордабасы (Шымкент) - 11,83 млн еуро
  2. Астана - 10 млн
  3. Ақтөбе - 8,25 млн
  4. Тобыл (Қостанай) - 7,50 млн
  5. Елімай (Семей) - 7,25 млн
  6. Қайрат (Алматы) - 6,75
  7. Қызыл-Жар (Петропавл) - 5,14 млн
  8. Жеңіс (Астана) - 4,38 млн
  9. Тұран (Түркістан) - 4,31 млн
  10. Қайсар (Қызылорда) - 3,91 млн
  11. Атырау - 3,90 млн
  12. Жетісу (Талдықорған) - 2,93 млн
  13. Ақсу (Павлодар) - 2,80 млн
  14. Шахтер (Қарағанды) - 1,95 млн

Айта кететіні, құрамының құны өсу көрсеткіші бойынша “Жеңіс” командасын ерекше атап өткен жөн. Трансфер жасауда белсенділік танытқан елордалық ұжым ойыншыларының барлығының құны 3,25 млн еуродан 4,38 млн еуроға өскен. Бұл пайыздық мөлшермен есептегенде - 34,6% құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 33
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×