Премьер-Лига. Он екінші турдың есеп-қисабы

24.05.2013, 19:48
Премьер-Лига. Он екінші турдың есеп-қисабы
11 мамырда өткен Қазақстан Премьер-лигасының 12 турындағы статистикалық мәліметтер: Жалпы 12-турға барлығы 113  футболшы қатысыпты. 40 легионер мен 73 қазақстандық футболшылар жасыл алаңға шығыпты. «Тараз» клубы сапынан 6 легионер алаңға шықты. Яғни бұл команда осы турда легионерлерді алаңға көп шығарған команда болып табылады. 18 ойыншы «лимит» жүйесі бойынша 12-турға қатысты. 6 матчта жеңіс тіркеліп,қалған 1 матч тең аяқталған. Барлығы 7 матчта 15 гол соғылыпты. 8 гол алғашқы таймда қақпадан табылған. 12 турдағы ең алғашқы гол авторы – Александр Гейнрих («Ақтөбе»). голды қазақстандық ойыншылар соққан. Бұл барлық 95 % голдардың  құрайды. Осы турдағы «ең тәртіпсіз» матч болып  «Тобыл»-«Атырау».  Бұл ойында сары қағаз көрсетілген. «Ақжайық»-«Тараз» матчы «ең тәртіпті» ойындар қатарына кіреді. Себебі бұл ойында тек 2 ойыншы сары қағаз иесі атанған. Жалпы,12 тур бойынша «ең тәртіпсіз» ойыншылар мыналар: М.Мұхтаров (Ордабасы),Руслан Мельзиддинов (Жетісу),Максим Самченко (Атырау). Бұл ойынышылар 12 ойында  6 сары қағаз алған. «Ордабасы» клубы сапынан алаңға Қазақстан азаматтығы бар футболшы шыққан. «Ертіс» клубы –жалпы 7 тур бойынша «тәртіпсіз» командалар арасында көш бастап тұр. Павлодарлық клуб ойыншыларға 10 турда 28 сары қағаз бен 2 қызыл қағаз көрсетілген. 15 гол авторлары ішіндегі ең жасы-23 жастағы Эдуард Вишняковс («Шахтер») Ал гол авторлары ішінде ең егдісі 31 жастағы  Евгений Аверченко («Жетісу») 10-турға қатысқан 103 футболшының ішіндегі ең жасы- 17 жастағы Әлішер Сүлей («Тобыл»). ДАЙЫНДАҒАН: НҰРЛЫБЕК ЖАНҰЗАҚОВ alaman.kz              
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Футбол жаңалықтары
×