Біріншіліктің келесі маусымынан бастап турнирге қосымша екі ұжым қосылады.
Келесі маусымнан бастап ішкі чемпионатта ойнайтын клубтар санын 16 командаға жеткізу мәселесі жүзеге аспақ. Бұндай тәжірибе Қазақстан чемпионатында бұрын соңды 2005 және 2008 жылдар аралығында болған. Сол кездегі турнирде Бірінші лигадан алғашқы үш орынды алған ұжымдар Премьерде бақ сынауға мүмкіндік алған. Ал қазір болса, тек 2 ғана команда элита қатарына қосыла алады. Бірақ Лига тарапыны уақыт өткен сайын облыстардағы бәсекелестікке қабілетті клубтардың көп болуына байланысты чемпионаттағы клубтар санын 2 командаға арттырып келеді. Мәселен, 2009 бен 2020 жылдар аралығында Премьерде 12 команда өзара арасында чемпиондық тондоны сарапқа салды. Регламент бойынша чемпионаттың турнир кестесіндегі соңғы 2 орынды алған ұжым Біріншілікпен қоштасты. Кезең кезеңімен жүріп, пандемия кезінде Премьер клубтарының санын 12-ден 14 көбейтіп алдық. Ал бұл чемпионатта жаңа командалардың бақ сынасуына жол ашты.
Мәселен, биыл тәп-тәуір өнер көрсетіп жатқан Вахид Масудовтың “Алтайы” өкінішке қарай, келесі маусымда Премьерге өте алмайды. Бұл команданың турнир соңына дейін “Ертіс” пен “Каспиді” қуып жетуі әзірге мүмкін болмауда. Алайда “Шахтерден” озып, үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге қол жеткізуге болады. Бірақ Алтай үшінші орын алғанымен, бәрібір Премьерден шет қалады. Чемпионаттағы командалар санын ұлғайту осындай клубтардың обалына қалмас үшін жасалғалы отыр.