Премьер-лигадан кетуі тиіс ТОП-10 футболшы

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
23.01.2021, 03:30
Бұл тізімде рекордтық сомаға ауысқан ойыншылар да бар.
Премьер-лигадан кетуі тиіс ТОП-10 футболшы

Ағылшын Премьер-лигасының өткен маусымынан бастап сәтсіз өнер көрсетіп жүрген ойыншылар аз емес. Бүгін дәл осындай ойыншылар туралы айтатын боламыз.

Кепа Аррисабалага ("Челси")

Келісімшарт 2025 жылдың жазына дейін жарамды

Бұл тізімнің басында Кепа тұрмағанда кім тұрады? Әлемдегі ең қымбат қақпашы өз қақпасына бағытталған соққының бәрін жіберіп алады. Өткен маусымда қақпашы нысанаға бағытталған соққылардың 53,6% -ын ғана тосқан - бұл өте нашар көрсеткіш. Жаңадан келген Менди негізгі құрамдағы орнын мықтап бекітті. Менди жарақат алған / дисквалификацияланған жағдайда, Кепаны емес, 39 жастағы Вилли Кабальероны немесе 38 жастағы Петр Чехті алаңға жіберген дұрыс болатын секілді.

Маркос Алонсо ("Челси")

Келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды

Екі жыл бұрын Transfermarkt қорғаушыны 45 миллион еуроға бағалаған, ал қазір 13 миллион еуро деп бағалады. "Вест Бромвичпен" болған матчтағы Алонсоның әрекеті бас бапкер Фрэнк Лэмпардқа ұнамады. Нәтижесінде, ол қазір қосалқы құрамнан да орын таппауда. Нәтижесінде "Реал Мадрид" түлегі "Атлетикоға" ауысуға дайындалуда.

Александр Зинченко ("Манчестер Сити")

Келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды

Зинченко өткен маусымды өте нашар өткізді. Ал 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қорғаушы негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. Көрсеткен нәтижелері де жаман емес. Бірақ Бенжамин Менди мен Жоао Канселоның қарап қалмасы анық.

Джердан Шакири ("Ливерпуль")

Келісімшарт 2023 жылдың жазына дейін жарамды

Шакиридің алаңға шығуы үшін жұлдызды ойыншылар кезекке тұруы керек. Жарақат алған ойыншылар көп болса да, Шакириге команда құрамынан орын табылмады: Премьер-Лиганың өткен маусымында ол екі рет қана негізгі құрамда алаңға шықты. Оның үстіне командаға өткен жылы Минамино келді! Осы жылы Фирминоның орнын тартып алған Жотаны қайда қоясыз?!

Деле Алли ("Тоттенхэм")

Келісімшарт 2024 жылдың жазына дейін жарамды

Моуринью "Тоттенхэмге" алғаш келген кезде Алли керемет ойнады, бірақ содан кейін қосалқы құрам ойыншысы атанды. 2020 жылдың қыркүйегінде "Тоттенхэм" туралы "Барлығы немесе ештеңе" деп аталатын деректі фильм шықты. Эпизодтардың бірінде Моуриньоның Деле Аллиді мектеп оқушысындай жазалап жатқанын көрдік. Сол қыркүйектен бастап Деле Алли Премьер-Лигада бой көрсетпеді. Лига кубогы матчындағы футболшының қателігінен кейін Моуриньо оны көпшілік алдында сынға алды.

Донни Ван де Бек ("Манчестер Юнайтед")

Келісімшарт 2025 жылдың жазына дейін жарамды.

2019 жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан "Аякс" есіңізде ме? Бұл құрамда ойнаған Де Йонгты "Барселона", Де Лигтті "Ювентус", Зиешті "Челси", ал Ван де Бекті "Манчестер Юнайтед" қатарға қосты. Соңғы трансфер сәтсіз болып шыққан секілді, өйткені Сульшерге бұл позицияда ойнайтын футболшы қажет емес еді. Тіпті жаттықтырушының ойыншыға қаншалықты қызығушылық танытқандығына күмән бар. Голландиялық футболшы Премьер-лигадағы дебюттік матчында (2-тур) гол соқты, содан кейін іс жүзінде оны көре алмадық.

Джесси Лингард ("Манчестер Юнайтед")

Келісімшарт 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Егер Ван де Бек ойынға қосалқы құрамнан шығып жүрген болса, Лингард мүлдем алаңға шықпайды. Ол Премьер-лиганың осы маусымында бірде-бір ойынға қатыспаған және 4 рет қана қосалқы құрамға енді. Футболшы "Реал Сосьедадқа", "Зенитке", "Шеффилдке" немесе "Портуға" ауысуы мүмкін деген әңгімелер көбейіп кетті. Айтпақшы, Лингард 2020 жылы Премьер-лигада бір гол соқты - бұл "Манчестер Юнайтедтің" өткен маусымдағы соңғы голы.

Шкодран Мустафи ("Арсенал")

Келісімшарт 2021 жылдың жазына дейін жарамды

Әлем чемпионы қайғылы жағдайға тап болды. Тіпті оның клубта нешінші орталық қорғаушы екенін айту қиын. Егер біз Премьер-Лиганың осы маусымында ойнаған қорғаушыларды есептесек, онда Мустафи алтыншы орында тұр:

1. Холдинг (1214 минут)

2. Габриэль (1052 минут)

3. Дэвид Луис (481 минут)

4. Пабло Мари (270 минут)

5. Колашинац (90 минут)

6. Мустафи (44 минут)

Николья Пепе ("Арсенал")

Келісімшарт 2024 жылдың жазына дейін жарамды

Виллиан бұл мақалада Пепе бар болғандықтан ғана аталмыш тізімге енгізілмеді. Бір жарым жыл бұрын оны "Арсенал" 79 миллион еуроға сатып алды (клуб тарихындағы рекордтық сома). Футболшыға бірнеше рет мүмкіндік берілді, бірақ ол өз бағасына сай әрекет ете алмады. "Лидспен" болған матчта ол қарсыласын ұрып, қызыл қағаз алды.

Месут Озил ("Арсенал")

Келісімшарт 2021 жылдың жазына дейін жарамды

Бұл тізімді Озилсіз елестету мүмкін емес еді. Ол клубпен Арсен Венгердің кезінде келісімшартын ұзартты, ал 50 күннен кейін жаттықтырушы клубтан кететіндігін мәлімдеді. Басқа жаттықтырушыларға (Эмери мен Артета) жартылай қорғаушы қажет емес еді. Озил - Премьер-лигада ең көп жалақы алатын ойыншылардың бірі (аптасына 350 000 фунт). Өткен аптада футболшы "Арсеналмен" келісімшартын бұзып, еркін агент атанды. Көп ұзамай ол ресми түрде "Фенербахченің" ойыншысы ретінде таныстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×