Премьер-лигаға шыққан үшінші команда анықталды

24.10.2025, 16:08

Бүгін Бірінші лиганың шешуші тур ойындары өтті.

Премьер-лигаға шыққан үшінші команда анықталды

2025 жылғы Бірінші лиганың соңғы, 26-туры аясында Өскеменде жергілікті «Алтай» командасы «Оңтүстікті» қабылдады.

Премьер-лигаға жолдама алу үшін алаң иелеріне жеңіс немесе кем дегенде тең ойын қажет болды. Әйтсе де алаң иелері қарсыласты 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Осылайша өскемендіктер Бірінші лигадағы екінші маусымында-ақ мақсаттарына қол жеткізді. Ал турнирдің фавориті саналған «Шахтер» 4-орынға тұрақтап, міндеттерін орындай алмады.

Айта кету керек, матч барысында төреші төрт қызыл қағаз көрсетті.

Бұған дейін Бірінші лига арқылы ҚПЛ--ға Ақтаудың «Каспийі» мен павлодарлық «Ертісі» өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×