Премьер лиганы дүр сілкіндірген қауесет – Эрлинг Холанд “Реал Мадридтің” нысанында

31.10.2025, 21:35

Ағылшын футбол әлемін сенсациялық хабар дүрліктірді — маусым соңында Эрлинг Холанд "Манчестер Ситиден" кетуі мүмкін деген сыбыс күшейіп келеді.

Премьер лиганы дүр сілкіндірген қауесет – Эрлинг Холанд “Реал Мадридтің” нысанында

Бұл әңгіменің отын тұтандырған адам – "Астон Вилланың” бұрынғы бас директоры Кит Уайнис. Ол Sports Illustrated басылымына берген сұхбатында:

"Холанд кетуі мүмкін. Ал “Реал Мадрид” оның трансферін жүзеге асыруға дайындалып жатыр.” – деп мәлімдеді.

Уайнистің айтуынша, Сауд Арабиясынан Винисиус Жуниор үшін 200 миллион еуро көлемінде ұсыныс түсуі мүмкін, ал бұл сома "Реалға” Холандтың трансферін қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Норвегиялық шабуылшы жуырда ғана “Ситимен” 2034 жылға дейінгі жаңа келісімшартқа қол қойған. Оның жылдық табысы — шамамен 28,5 миллион еуро. Келісім жасалған сәтте ол клубқа адалдығын білдіріп, былай деген еді:

"Мен — “Сити” ойыншысымын. Не болса да, мен осы клубтамын."

Алайда Британдық басылымдар тек “Реал Мадридке” қатысты арнайы босату тармағы бар деген ақпаратты үнемі көтеріп келеді. Бұл қауесет Холандтың Испанияға кетуі туралы әңгімелерді қайта жандандырды.

25 жастағы шабуылшы биыл да ғажайып формада. Премьер лигада 9 матчта – 11 гол, ал барлық турнирлерде – 18 гол соғып үлгерді.

Чемпиондар лигасында оның статистикасы тіпті әсерлі – 51 ойында 53 гол. Осы көрсеткіш оның атағын әлем футболының ең қауіпті сұрмергендерінің бірі ретінде бекітіп отыр.

Өзінің лақап аты туралы сұраққа Холанд бірде былай деген:

"Маған “Терминатор” деп атаған ұнайды. Бұл қатыгез, бірақ маған жарасады."

Бұл уақытта "Реал Мадридтің” бас бапкері Хаби Алонсо команда ішіндегі тәртіп пен эмоциялық тепе-теңдікке ерекше назар аударып отыр. Соңғы Эль Класико матчындағы Винисиус төңірегіндегі дау мен "Барселонаға” қарсы жеңістен кейін ол ойыншылардың назарын қайта тұрақтандыруға тырысуда.

"Біз босаңсысақ, ұпай жоғалтамыз. Оған жол жоқ.” – деді Алонсо "Валенсияға” қарсы ойын алдында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×