Ішкі чемпионаттың 20-туры аясында өткен 6 ойынға 35 мыңнан астам фанат өз командасына қолдау білдіріпті.
Премьер-лиганың ең көп жанкүйер келген ойыны ретінде Қобыландыда өткен “Ақтөбе” - “Жетісу” ойынын айтсақ болады (3:0). Жаңа бапкер Игорь Леоновтың дебютын бағалауға 12 200 ақтөбелік келіпті.
Қазақстан футбол лигасының 20-туры аясында ең аз жиналған жанкүйер “Жеңіс” - “Қайсар” ойынында тіркелді (1:0). Елордада емес Қарағандыда бастауын алған кездесуде бас-аяғы 100 адамның есебі шығыпты.
1. “Ақтөбе” – “Жетісу” (3:0) – 12 200 көрермен;
2. “Ордабасы” – “Атырау” (1:0) – 8 000;
3. “Тұран» – “Шахтёр” (2:1) – 8 000;
4. “Елімай” – “Тобыл” (2:1) – 7 500;
5. “Астана” – “Қызылжар” (2:1) – 250;
6. “Жеңіс” – “Қайсар” (1:0) – 100.
Біздің серіктес: FONBET