Премьер-лиганың 2020 жылғы үздік ойыншысы белгілі болды

31.12.2020, 00:58
Пауло бұл маусымда 12 гол соқты, бес нәтижелі пасы тағы бар.
Премьер-лиганың 2020 жылғы үздік ойыншысы белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда.

«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы» номинациясында жеңімпазды анықтау тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларының қорытындысы бойынша өткізілген сауалнамаларда осы номинацияға лайықты үміткерлер жинаған ұпайларды қосу арқылы жүзеге асты.

«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы» номинациясында шымкенттік «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Жоао Пауло үздік атанды.

Үздік үштік төмендегідей:

1. Жоао Пауло («Ордабасы») – 62 ұпай;

2. Вагнер Лав («Қайрат») – 47 ұпай;

3. Арсен Хубулов («Шахтер») – 28 ұпай. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×