Премьер-лиганың 2020 жылғы үздік жартылай қорғаушысы белгілі болды

30.12.2020, 00:36
Паулоның еншісінде 12 гол мен 5 нәтижелі пас бар.
Премьер-лиганың 2020 жылғы үздік жартылай қорғаушысы белгілі болды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда. Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталды.

«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік жартылый қорғаушысы» номинациясында шымкенттік «Ордабасының» ойыншысы Жоао Пауло топ жарды. Ол 68 ұпай жинады.

Үздіктер тізімі келесідей:

1. Жоао Пауло («Ордабасы») – 68 ұпай;

2. Асхат Тағыберген («Қайсар») – 58 ұпай;

3. Айбол Әбікен («Қайрат») – 28 ұпай;

4. Джаба Канкава («Тобыл») – 24 ұпай;

5. Тигран Барсегян («Астана») – 20 ұпай. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×