Премьер лиганың 25-туры алдындағы шағын есеп қисап

25.08.2011, 21:19
Премьер лиганың 25-туры алдындағы шағын есеп қисап
Премьер лиганың 25-туры алдындағы шағын есеп қисап: «Шахтёр» — «Ордабасы» 24 /+12=5–7/ 28–18 «Қайсар» — «Қайрат» 32 /+12=5–15/ 31–48 «Тараз» — «Восток» 32 /+14=7–11/ 49–33 «Астана» — «Ертіс» 8 /+4=1–3/ 8–9 «Атырау» — «Тобыл» 26 /+5=6–15/ 23–32 «Ақтөбе» — «Жетісу» 24 /+12=7–5/ 38–17 «Шахтер» мен  «Ордабасы» Қазақстан біріншілігінде 24 кездесу өткізіпті. 12 кездесу "Шахтер" басымдылығымен аяқталса, 7 кездесуді "Ордабасы" өз пайдасына шешіпті. 5 ойында қос клуб тең тарқасыпты. Бірінші этаптағы ойындары. 9-сәуір  «Ордабасы» — «Шахтёр» 1:0 (Мұхтаров). 25 маусым «Шахтер» — «Ордабасы» 2:2 (Байжанов, Хижниченко — Нұрғалиев, Евстигнеев). Екеу-ара 32 кездесу өткізген "Қайсар" мен "Қайрат" 5 рет тең түссе, 15-інде "Қайрат" , 12-інде "Қайсар"  жеңіске жетіпті. Бірінші этаптағы ойындары. 17 наурыз  «Қайрат» — «Қайсар» 0:0. 16 шілде «Қайсар» — «Қайрат» 2:0 (Перич, Головёшкин). «Тараз» бен «Восток»  болса, ел біріншілігі тарихында  32 рет күш сынасыпты. "Тараздықтар" 14 рет таразы басын теңселтсе, "Восток" клубының қанжығасына 11 жеңіс бұйырыпты. Ал, 7 кездесуде жеңімпаз анықталмапты. Бірінші этаптағы ойындары. 24 сәуір  «Тараз» — «Восток» 3:1 (Исламхан, Йованович, Степанович — Лунин). 12 шілде  «Восток» — «Тараз» 1:1 (Абдулин — Недашковский). Елордалықтар мен Павлодарлықтар 8 рет жасыл алаңға жол тартыпты. "Астаналықтар" 4 рет, ал "Ертіс" ойыншылары 3 мәрте жеңіске жетсе, 1 кездесу ғана тең аяқталыпты. Ал, доп айырмашылығы 8–9. Бірінші этаптағы ойындары. 7 мамыр  «Локомотив» — «Ертіс» 0:0. 26 мамыр «Ертіс» — «Локомотив» 5:0 (Заречный, Даскалов-2, Шабалин-2). Ал, турнир кестесінің шаңын жұтқан «Атырау» мен төменгі тоақа түспеу үшін таласушы "Тобыл" 26 рет кездесіпті. "Мұнайшылар" 6 рет "Тобылды" тобықтан қақса, Қостанайлықтар 15 рет "Мұнайшыларды" мұңайтыпты. Ал,  6 рет қос команда бірін-бірі ала-алмапты. Бірінші этаптағы ойындары. 24 сәуір «Тобыл» — «Атырау» 0:0. 12 маусым «Атырау» — «Тобыл» 0:2 (Бекрич, Лотов). Көшбасшылыққа көз сатқан «Ақтөбе» мен  «Жетісу»  кездескен 24 кездесудің тең жартысы"Ақтөбенің", 5-еуін "Жетісудің" пайдасына жазылыпты.  7 кездесуде мықты анықталмапты. Бірінші этаптағы ойындары. 16 сәуір «Ақтөбе»» —«Жетісу» 1:1 (Лисенков — Климавичюс). 16 маусым  «Жетісу» — «Ақтөбе» 3:2 (Цветкович, Климавичюс, Бақаев — Кумісбеков-автогол, Аверченко). http://sports.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×