Премьер-лиганың 3-ші турының матчтары бір минуттық шапалақпен басталады

01.07.2020, 16:57
Медицина қызметкерлеріне қандай құрмет көрсетсек те аздық етеді
Премьер-лиганың 3-ші турының матчтары бір минуттық шапалақпен басталады

Премьер-лиганың үшінші турының матчтары Қазақстан азаматтарының денсаулығын күнделікті қорғап жүрген барлық медицина қызметкерлерінің құрметіне бір минуттық шапалақпен басталады.

Қазақстан Футбол Федерациясы, Қазақстан Кәсіпқой Футбол Лигасы, Футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысатын клубтар адам өміріне қауіп төндірген ауруға қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған кез-келген медицина маманына құрмет көрсетеді, олар барлығымызға қиындықтарды жеңуге көмектесіп, өмірімізді жақсартуға көмектесуде. Осындай қиын уақытта олар бұрын адамзатқа беймәлім болған вирустық инфекцияның пандемиясында да елді қорғауға бар күшін салуда. Медицина қызметкерлері қлғам игілігі үшін үзіліссіз керемет жұмыс атқарып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×