Премьер-Лиганың бірнеше клубында ойнаған футболшы бақилық болды

Лайонель Адамс Мәскеу түбіндегі көп қабатты пәтерлердің бірінен құлап, жан тапсырды

Премьер-Лиганың бірнеше клубында ойнаған футболшы бақилық болды

31 жастағы ЦСКА командасының түлегі дәрігерлер жеткенше дейін тіл тартпай кетті.

Жаңа жылдың алдында футболшы қақпашы Тимур Магомедовпен спиртті ішімдіктер ішіп, ақыры соңында көшедегі адамдармен төбелесіп, арты қарулы қақтығысқа барып еді. Лайонель сол кезде зардап шеккенімен, полицияға арыз жазбады. 

Жалпы Адамс Қазақстан Премьер-Лигасында "Жетісу", "Каспий", "Шахтер" және "Тұран” клубтарында өнер көрсетті. Ішкі чемпионатта ол жалпы алғанда 47 матч өткізіп, 3 голдық пас берді. 

Соңғы рет 31 жастағы ойыншы қырғызстандық “Алға” клубында өнер көрсетті. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Адамс еркін агент ретінде тіркеліп келген болатын…

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×