Премьер-лиганың кешегі өткен ойындарына қанша жанкүйер келді?

Ішкі чемпионаттың жексенбі күні өткізілген 3 кездесуіне 18-мыңға жуық жанкүйер келіпті.

Премьер-лиганың кешегі өткен ойындарына қанша жанкүйер келді?

Кеше өткен “Ақтөбе” - “Жеңіс”, “Жетісу” - “Тұран”, “Ордабасы” - “Атырау” ойындарына 17 400 фанат жиналған екен. Ең көп жанкүйер ақ-қызылдардың Астана командасына қатысты сәтсіз кездесуінде болыпты (12 300 фанат). Ал ең аз фанат “Жетісу” - “Тұран” арасындағы матчта жиналыпты (2 000).

Айтпақшы, Еурокубоктік ойындарына байланысты “Астананың” “Қайсарға” қарсы 3 тамызда өтуі тиіс ойыны кейінге шегерілді. 

Айта кетейік, Премьер-лиганың осыған дейінгі ең көп фанат жиналған ойыны ретінде “Астана” - “Қайрат” кездесуі тіркелді. 2 наурызда болған Ел-класикосын көруге “Астана Аренаға” 26 153 адам келген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×