Премьер-лиганың осы маусымдағы үздік голы анықталды

20.12.2020, 16:09
Жанкүйерлердің назарына 4 үздік гол ұсынылды.
Премьер-лиганың осы маусымдағы үздік голы анықталды

2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік голы анықталды, деп хабарлайды ҚКФЛ.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының осы маусымның үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды. Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді.

Жанкүйерлер таңдауына OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарында соғылып, тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларында өткен сауалнама бойынша үздік атанған 4 гол ұсынылды. Шараға барлығы 1 199 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Чемпионатының ең үздік голы болып «Қайсар» – «Тобыл» (7-тур, 2:1) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің керемет голы танылды. Тағыбергеннің голына 570 (47,54 %) қатысушы дауыс берді. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×