Премьер-лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

19.10.2020, 23:28
Пауло жалғыз өзі «Ордабасыны» алға сүйреп жүр.
Премьер-лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қыркүйек айының қорытындысы бойынша ел чемпионатының үздіктерін анықтады.

Үздіктер Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды.

Үздік ойыншы

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атайды. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар беріледі: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу нәтижесінде қорытынды шығарылады.

Қыркүйек айының ең үздік ойыншысы шымкенттік «Ордабасы» командасының шабуылшысы Жоао Пауло атанды. Ол 27 ұпай жинады.

Естелік жүлдені бразилиялық ойыншыға Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев табыстады.

Үздік бапкер

Сауалнама нәтижесі бойынша қыркүйек айының ең үздік бас бапкері болып Алексей Шпилевский атанды. Белорусиялық маманға 5 бапкер дауыс берген екен.


Үздік гол

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Шараға барлығы 2 721 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша Премьер-лиганың «Астана» – «Шахтер» (9-тур) кездесуіндегі Айдос Тәттібаевтың нәтижелі соққысы айдың үздік голы атағына ие болды. Тәттібаевтың голына 1 241 (45,61%) адам дауыс берді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×