Премьер-лиганың шілде айындағы үздіктері анықталды

Ішкі чемпионаттың шілде айындағы үздік бапкері мен ойыншысы марапатына “Қайрат” клубының қос азаматы лайық деп танылды. 

Премьер-лиганың шілде айындағы үздіктері анықталды

“Қайрат” бапкері Рафаэль Уразбахтин шілде айындағы үздік бапкер атанды. Алматылық команда жаттықтырушысының жол сілтеуімен Премьердегі 3 матчтың барлығында жеңілмеді. Және ең бастысы Еурокубоктегі ойындарын сәтті түйіндеді. 

Дастан Сәтпаев болса, шілде айындағы үздік ойыншы марапатын иеленді. Жас шабуылшы “Қайрат” сапында күнтізбеге сәйкес, 3 матч өткізіп, 3 нәтижелі әрекет тіркеді. 

Айта кетейік, 2026 жылы Дастан лондондық “Челси” клубына ауысады. 18 жасқа толған соң, ол ағылшындық клубпен бірден келісім шартқа отырмақ. Осы маусымда жас вундеркинд барлығы 29 матч өткізіп, 12 гол мен 8 голдық пас берді.

Еске салсақ, “Қайрат” командасы 21 тамыз күні Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясында шотландиялық “Селтикпен” кездеседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×