ҚПЛ инспекторы, төрешісі болып қызмет еткен Серік Қошқаров «Аладоп.кз» сайтының тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұқбатында «Ордабасы» - «Атырау» кездесуіндегі даулы эпизодтар жайлы пікірімен бөлісті.
Айта кетейік, аталған ойында Санжар Ысқақов төрелік жасап, даулы шешімдер шығарған. Премьер-лига қазысының қызметіне байланысты қазір әлем желіде үлкен резонансты жағдай туындап жатыр.
«82-минутта таза голды есепке алмады. Түсініксіз. Қапталдағы төреші, бас төреші голды бірден есепке алды. Алайда, VAR араласып, арты дауға ұласқан. Бірден айтайын, әйелдерді ҚПЛ матчтарына, әсіресе, осындай ойындарға жауапты етуге қарсы болғам. Мұндай мамандар әйелдер футболында қызмет жасауы керек. Сорокопудова жоқ жерден араласып бас төрешіні күмәндандырып қойды. Бас төрешіні түсінуге болады, иә, адами фактор ғой – стадионда қандай қысым, 15 мың жанкүйер айқайлағанда... Қобалжыды, кәдімгідей сасып қалғаны анық. Содан кейін тізгінді уысынан шығарып алды, нәтижесінде бір эпизодқа ұзақ шұқшиды да қалды. Мен сіздерге айтайын – премьер-лиганың төрешісі үшін 10 минут деген өте көп уақыт. Ол мұндай эпизодтарды шемішкеше шағуы керек қой», - деді С. Қошқаров.