Премьер-лиганың үздік ойыншысы анықталды

22.05.2022, 18:57
Үздік жас ойыншының да есімі белгілі болды.
Премьер-лиганың үздік ойыншысы анықталды

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне Премьер-лиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды.

Дауыс беру кезінде 30 жастағы бельгиялық футболшы Трент Александр-Арнольд («Ливерпуль»), Джаррод Боуэн («Вест Хэм»), Жоао Канселу («Манчестер Сити»), Букайо Сака («Арсенал»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Сон Хын Мин («Тоттенхэм») және Джеймс Уорд-Проузды («Саутгемптон») артқа тастады.

Естеріңізде болса, Де Брёйне 2019/20 жылғы маусымда да Премьер-лиганың үздік ойыншысы атанған еді. Осылайша, бельгиялық жартылай қорғаушы аталмыш жүлдені бірнеше рет жеңіп алған төртінші ойыншы болды. Бұған дейін бұл жетістікке Тьерри Анри, Криштиану Роналду және Неманья Видич жеткен.

Кевин осы маусымда «Сити» үшіп АПЛ-да 29 ойынға қатысып, 15 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Фил Фоден Премьер-лиганың үздік жас ойыншысы деп танылды.

Фоден ел чемпионатында 27 кездесу өткізіп, 9 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Фил бұл сыйлықты екінші жыл қатарынан жеңіп алды.

Жүлдеге үміткерлер арасында Трент Александр-Арнольд («Ливерпуль»), Конор Галлахер, Тайрек Митчелл (екеуі де «Кристал Пэлас»), Мэйсон Маунт («Челси»), Аарон Рэмсдейл, Букайо Сака (екеуі де «Арсенал») және Деклан Райс («Вест Хэм») бар еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×