Премьер-министр Қазақстандағы футбол клубтарын сатып алуы мүмкін ірі кәсіпкерлердің есімін атады

20.10.2025, 21:45

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов депутат Нартай Сәрсенғалиевтің ресми сауалына жауап беріп, елдегі футбол клубтарын жекешелендіру және инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Премьер-министр Қазақстандағы футбол клубтарын сатып алуы мүмкін ірі кәсіпкерлердің есімін атады
Mikhail Lomtadze – CEO of Kaspi.kz Joint Stock Company

Бектеновтің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан футбол федерациясы аймақтарда және республика деңгейінде футбол клубтарын коммерцияландыру мақсатында әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

“Осы бағыттағы жұмыстар аясында бірқатар бизнес-құрылымдар қызығушылық танытты. Атап айтқанда, “ЦАТЭК” компаниясының иесі Сергей Кан — “Қызыл-Жар” клубын сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. “Freedom Finance” тобының жетекшісі Тимур Турлов “Шахтер” клубына арналған стадион мен футбол академиясын салуға ниетті. Ал “Kaspi Group” басшысы Михаил Ломтадзе “Жеңіс” клубын сатып алып, Астанада жаңа футбол инфрақұрылымын дамытуға мүдделі. Сонымен қатар Қызылордадағы “TAU GROUP LTD” компаниясының өкілі Ислам Қозбақов “Қайсар” клубын иемденуді жоспарлап отыр.” — деді премьер-министр.

Бұған қоса, үкімет “Тараз”, “Елімай” және “Ертіс” клубтарын сатып алуға қызығушылық білдірген өзге инвесторлармен де кездесулер өткізген. деп хабарлады Sportaena.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×