Превью: Англия - Дания

08.07.2021, 00:17
Англия Еуропа чемпионатында әлі гол жібермеді, ал Дания соңғы үш матчта он гол соқты.
Превью: Англия - Дания

УЕФА ЕУРО-2020 турнирінің жартылай финалында Англия "Уэмбли" стадионында Дания құрамасын қабылдайтын болады. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Сюжет

Англия "Уэмбли" стадионына қайта оралады. Ширек финалда Гарет Саутгейт шәкірттері Украинаны 4:0 есебімен жеңіп, ЕУРО-ның финалдық кезеңіндегі ең ірі жеңісіне қол жеткізді. Төрт гол - 1966 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі Англияның плей-оффтағы ең жақсы нәтижесі. Англия - ЕУРО тарихындағы турнирдің алғашқы бес матчында гол жібермеген бірінші команда. Демек, ағылшындар қорғаныста да, шабуылда да керемет ойнай алады.

Ал Дания Англияны өткен жылы Ұлттар лигасындағы матчта жеңген болатын. Кристиан Эриксен "Уэмблидегі" жалғыз голды пенальтиден соқты. Каспер Юльманның шәкірттері де шабуылда тамаша ойнайды. Олар осы чемпионатта 11 гол соқты, 10 голды соңғы үш матчта соққанын айта кетейік. Дания плей-оффта Уэльс пен Чехияны нокаутқа жіберді, сондықтан оларды аутсайдер деп атауға болмайды.

Бүгінгі матчқа шығуы мүмкін құрам:

Англия: Пикфорд; Уокер, Стоунз, Магуайр, Шоу; Филлипс, Райс; Сака, Маунт, Стерлинг; Кейн

Дания: Шмейхель; Кристенсен, Кьяер, Вестергор; Стрюгер-Ларсен, Хейбьерг, Дилэйни, Меле; Брэйтвэйт, Дольберг, Дамсгор

Сарапшылардың пікірі

Саймон Харт, Англия құрамасының корреспонденті: Англия 1966 жылғы әлем чемпионатынан кейін бірінші рет плей-офф кезеңінде Германияны жеңіп, ширек финалда төрт гол соқты. Қорғаныс әлі де сыр берер емес, ал шабуыл керемет нәтиже беруде. Команда 1966 жылдан бері алғаш рет ірі турнирдің финалына шығады деп айтуға толық негіз бар. Саутгейт Данияға қарсы ойында Германиямен болған матчтағыдай үш қорғаушымен шыға ма, әлде 4-2-3-1 схемасын пайдалана бере ме, ол маңызды емес, себебі команда әр матч сайын прогресс жасауда. Сонымен қатар оның "Уэмблиде" 60 мың жанкүйері болады. Осындай сәтті пайдаланып неге тарихты өзгертпеске?

Стуре Санне, Дания құрамасының корреспонденті: 1/8 және 1/4 финалдың фавориті болғаннан кейін, Дания қазір үлкен мәртебеге ие болды. Оның алғашқы минуттардан бастап ағылшындарға гол соғамыз деген үмітпен алға ұмтылуы екіталай. Даниялықтар бірінші нөмірді Англияға тапсырып, өздерінің әлемдік деңгейдегі қорғаушылары Андреас Кристенсен, Симон Кьяер және Янник Вестергорға сенім артса мен таң қалмас едім. Даниялықтар сақтық танытса да, танытпаса да, олардың қапталдағы шабуылдары Англия үшін ерекше қару болып қала береді.

Қос құраманың бапкерлері не дейді?

Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт: "Біздің тарихты қайта жазуға керемет мүмкіндігіміз бар, біз ешқашан Еуропа Чемпионатының финалына өте алған емеспіз. Бұл команда үшін қысым емес, керісінше сынақ болып табылады, ал команда қазір мұндай сынақтардан сәтті өтуде. Біз күзде Даниямен екі кездесу өткіздік. Мен бұл команданың қаншалықты мықты екенін білдім, ал ЕУРО-да олар мұны тағы да дәлелдеді. Бізді керемет матч күтіп тұр".

Англия құрамасының капитаны Гарри Кейн: "Дания - бұл керемет команда. Өткен жылы біз бұл құрамамен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңе алмадық. Біз өзіміздің ұлттық стадионымызда ойнаймыз, сондықтан осы мүмкіндікті пайдалану қажет. Бұл біз үшін ұмытылмас оқиға болады".

Данияның бас бапкері Каспер Юльманн: "Бұл матч қарсыластың алаңында болады, бірақ мұның да өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан біз ойынды асыға күтеміз. Біз трибунада жанкүйерлердің болғанына қуаныштымыз. Олар стадионға оралды. Әрине, стадионның жартысы Данияның формасын кисе керемет болар еді. Біздің басты мақсатымыз - көрермендердің үнін өшіру. Бірақ мұны істеу қиын болады"

Данияның жартылай қорғаушысы Томас Дилэйни: "Турнир басталған кезде біз "Уэмблиға" оралуды мақсат етіп қойдық. Бәрінен өткенімізге қарамастан, бұл біздің бірінші мақсатымыз болып қала берді. Біз "Уэмблиге" бару үшін дайынбыз. Ерекше эмоцияларды бастан кешірудеміз"

Қос команданың соңғы нәтижелері:

Англия соңғы 6 матчтың бесеуінде жеңіске жетті, бір ойында тең түсті. Алтауында да гол жібермегенін айта кетейік.

Дания соңғы 6 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті, қалған 2 ойында ұтылып қалды.

Бүгінгі кездесуде Данни Маккели бастаған нидерландылық төрешілер қазылық етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×