Польша мен Украинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына шыққан командалар да анықталды. Олар Испания мен Италия ұлттық құрамалары. Бұл екі құрама «С» тобында бірге өнер көрсеткен болатын. Ол ойында 1:1 есебімен екі алып тең тарқасқан еді. Енді финалда жолдары қайта түйісті. Ал осы финалға кім төреші болады деген сұрақ көптің көкейінде жүрген де болар. Сонымен финалға португалдық Педро Проэнса төрешілік ететін болды.
Педро Проэнса осыған дейін Испания мен Ирландия, Италия мен ағылшын құрамаларының арасындағы ойынға қазылық жасаған болатын. Ол бұл аламанда ешқандай пенальти немесе қызыл қағаз көрсетпеген екен. Бұл төреші өзінің төрешілік ғұмырын 1998 жылы Португалия ішкі чемпионатында қазылық жасаудан бастаған. 2003 жылы Интертото кубогы мен УЕФА кубогы жолындағы ойындарға төрешілік еткен. Педро Проэнса үшін бұл финал екінші маңызды қазылығы болмақ. Естеріңізде болса чемпиондар лигасының финалында ( Бавария-Челси) осы португалдық қазы төрешілік еткен болатын. Сонымен Еуропа чемпионатының финалы 1 маусым күні Киевтің «Олимпийский» стадионында өтеді.Өмірбек САНСЫЗБАЙ
Біздің серіктес: FONBET