“ПСЖ” клубы “Барселона” ойыншысы Ламин Ямалды қатарына қосқысы келеді екен, деп жазады Аладоп.кз.
Париждік ұжым Ямалды командадан ертелі-кеш болсын кететін Килиан Мбаппенің орнын басады деп қарастырып отыр. 16 жастағы ойыншы үшін “ПСЖ” 200 млн еуро беруге дайын екен. Бұл француздық клубтың тарихындағы ең қымбат трансферлердің бірі болғалы отыр.
Агент Жорже Менде “Барселона” президенті Жоан Лапортаға Ламин үшін “ПСЖ” қанша ақша беретінін айтыпты. Алайда каталондық клубтың басшысы талантты вингерді сатудан бас тартатындығын жеткізген екен.
“Барселона” ұжымы Ямалды Лионель Мессиден кейінгі “Ла Масианың” ең үздік шәкірттерінің бірі санайды.
Ла Лиганың осы маусымында Ламин “блауграна” үшін 27 ойын өткізіп, 4 гол мен 3 голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET