
Париж Сен-Жермен УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы ойынында “Астон Вилланы” 3:1 есебімен жеңді.
“Парк де Пренс” стадионында өткен матчта “Астон Вилла” алғашқы голды салды. Морган Роджерс жылдам қарсы шабуылдың нәтижесінде көзге түсті. Алайда ПСЖ жауап ретінде үш гол соғып, ойынның тізгінін қолға алды.
Дезире Дуэ айып алаңы сыртынан керемет соққымен есепті теңестірді, ал екінші таймда Хвича Кварацхелия жеке шеберлігін танытып Франциялық команданың екінші голын соқты. Қосымша уақытта Нуно Мендеш үшінші голды салып, ПСЖ-ға қарымта ойын алдында екі голдық артықшылық сыйлады.
Луис Энрике баптайтын ПСЖ матч бойы допты бақылауда ұстады. “Астон Вилла” қақпашысы Эмилиано Мартинес бірнеше тамаша сейв жасап, есептің ұлғайып кетуіне жол бермеді. Команданың бапкері Унаи Эмеридің Олли Уоткинстің орнына Маркус Рэшфордты негізгі құрамда шығаруы көпшіліктің назарын аудартты. Енді “Астон Вилла” өз алаңында өтетін қарымта ойында кем дегенде екі гол соғуы керек.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET