ПСЖ «Барселонаны» еш қиындықсыз жеңді

17.02.2021, 08:58
Мбаппе бұл матчта үш бірдей гол соқты.
ПСЖ «Барселонаны» еш қиындықсыз жеңді

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы ойынында "Барселона" өз алаңында "Пари Сен-Жерменді" қабылдады. Кездесу Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтіп, 4:1 есебімен париждік клубтың пайдасына аяқталды.

Кездесудің 27-минутында пенальтиді сәтті орындаған "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси есеп ашты. 5 минуттан кейін ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті теңестірді. Ойынның, 65-минутында Мбаппе дубль жасады. 5 минуттан кейін шабуылшы Мойзе Кин Леандро Паредестің керемет пасынан кейін париждік клубтың үшінші голын соқты. Кездесудің аяқталуына 5 минут қалғанда Мбаппе хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта матч 10 наурызда Парижде (Франция) өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×