ПСЖ басшылығы Маурисио Почеттиноны алмастыратын бапкер іздеуде

22.09.2021, 19:10
Басты үміткердің есімі де белгілі болды.
ПСЖ басшылығы Маурисио Почеттиноны алмастыратын бапкер іздеуде

«Пари Сен-Жермен» клубының басшылығы Зинедин Зиданды бас бапкер қызметіне шақыру нұсқасын қарастыруда. Зидан аргентиналық маман Маурисио Почеттиноны алмастыруы мүмкін, ол команданы 2021 жылдың қаңтарында қабылдаған еді. Бұл туралы El Chiringuito ТV порталы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Зидан 2021 жылдың мамырында «Реалдан» кету туралы шешім қабылдады. Француз маманы сол уақыттан бері жұмыссыз жүр.

Зидан 2015/2016 жылғы маусымда «Реал Мадридті» қабылдаған еді. Ол команданы УЕФА Чемпиондар Лигасында қатарынан үш рет жеңіске жеткізді, сонымен қатар Ла Лиганы, ел Суперкубогін, екі рет УЕФА Суперкубогын және екі мәрте клубтық Әлем кубогін жеңіп алды. 2018 жылы ол клубтан кетті, содан кейін қайтып келіп Испания чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×