ПСЖ италиялық шабуылшыны қатарына қоспақ

08.07.2022, 17:17
Келіссөздер жақын арада аяқталады деп күтілуде.
ПСЖ италиялық шабуылшыны қатарына қоспақ

«Сассуолоның» 23 жастағы шабуылшысы Джанлука Скамакка «Пари Сен-Жерменге» ауысуға жақын.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, париждік клуб Италия құрамасының шабуылшысы үшін 40 миллион еуро ұсынған. ПСЖ «Сассуоломен» белсенді түрде келіссөздер жүргізуде, италиялық команда өз ойыншысын 50 миллион еуроға бағалауда.

ПСЖ басшылығы Скамаккаға маусымдық жалақысы 3,5 миллион еуроны құрайтын бес жылдық келісім-шарт дайындап қойған. Сондай-ақ париждік клуб аргеетиналық шабуылшы Мауро Икардиден құтылуды көздеп отыр.

Өткен маусымда Скамакка Италия А сериясында 36 матчқа қатысып, 16 гол соқты. Шабуылшының «Сассуоломен» келісім-шарты 2026 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×