"ПСЖ" Каваниді "Атлетикоға" жіберуден бас тартты

08.01.2020, 23:11
"ПСЖ" Каваниді "Атлетикоға" жіберуден бас тартты

"Пари Сен-Жерменнің" спорттық директоры Леонардо команданың уругвайлық шабуылшысы Эдинсон Каванидің қысқы трансфер кезінде клуб ауыстырмайтынын айтты деп хабарлайды L' Equipe.

Енді 32 жастағы Уругвай құрамасының шабуылшысы Париж ұжымнан тек жазда ғана кете алады.

Кавани "ПСЖ" сапына 2013 жылы "Наполиден" келген болатын. Биылғы маусымда Франция біріншілігінде 8 матчқа қатысып, 2 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапқан.

Шыңғысхан Досмухамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×