ПСЖ келесі жазға дейін бірнеше ойыншыларын сатуы тиіс

26.12.2021, 23:36
Клуб қаржылық фэйр-плей плей ережесін бұзуы мүмкін.
ПСЖ келесі жазға дейін бірнеше ойыншыларын сатуы тиіс

ПСЖ алдағы екі трансферлік терезеде қаржылық фэйр-плейге байланысты ойыншыларын сатпақшы, деп хабарлайды L'Еquipe порталы.

Дереккөздің айтуынша, егер париждік клуб 2022 жылдың жазына дейін өз ойыншыларын сату арқылы 100 миллион еуроны қоржынға сала алмаса, қаржылық фэйр-плей нормаларын бұзған болып саналады. Мұндай жағдайда УЕФА клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салатын болады.

Париждіктер қақпашы Серхио Рико, қорғаушылар Левен Курзава, Тило Керер, Абду Диалло, жартылай қорғаушылар Рафинья, Юлиан Дракслер, сондай-ақ шабуылшы Мауро Икардиді сатуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×