ПСЖ Килиан Мбаппенің орнын басатын үш ойыншыға қызығушылық танытуда

12.04.2021, 22:26
Мбаппенің ПСЖ-мен келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады.
ПСЖ Килиан Мбаппенің орнын басатын үш ойыншыға қызығушылық танытуда

"Пари Сен-Жермен" шабуылшы Килиан Мбаппемен келісім-шартты ұзартқысы келеді. Футболшының келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Telefoot басылымы хабарлағандай, париждік клуб Мбаппе командадан кеткен жағдайда, оның орнын басатын ойыншыларды қарастыруда. ПСЖ жұлдызды шабуылшысын алмастыра алатын үш ойыншыға қызығушылық танытуда - Лионель Месси ("Барселона"), Харри Кейн ("Тоттенхэм") және Мохамед Салах ("Ливерпуль").

ПСЖ клубының спорттық директоры Леонардо аргентиналық футболшыға ұзақ уақыттан бері қызығушылық танытып келеді, ал Харри Кейнді бас бапкер Маурисио Почеттино команда сапында көргісі келеді.

Мбаппе ПСЖ сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда 22 жастағы шабуылшы Франция чемпионатының 27 матчына қатысып, 21 гол соқты (5 - пенальтиден) және 7 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×