“ПСЖ” Ламин Ямалды сатып алудан бас тартты

05.11.2025, 17:15

Ламин Ямал жақын уақытта "Париж Сен-Жерменге" ауыспайды.

“ПСЖ” Ламин Ямалды сатып алудан бас тартты

Еуропа чемпиондары біраз уақыт бойы талантты вингерге қызығушылық танытқанымен, қазіргі таңда келіссөз жүргізу жоспары жоқ.

Transfer News Live порталының хабарлауынша, "ПСЖ” басшылығы Ямал бойынша ешқандай жаңа келісімдерге бармайды.

Transfermarkt мәліметіне сәйкес, 18 жастағы футболшының нарықтық құны 200 миллион еуроға бағаланған. Оның "Барселонамен”  келісімшарты 2031 жылға дейін жарамды.

Бұған дейін Париждіктер Ямал үшін 200 миллион еуродан жоғары сома ұсынған, алайда Каталондық клуб бұл ұсынысты қабылдамаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×